425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

  • 234
  • UPD: 10:09, 24.07.2021
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Алматыда коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты шектеу шаралары тағы да күшейтілді.

Қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда Ashyq жобасын іске асыру жалғасатыны айтылған. Яғни жобаға сауда үйлерін, ойын-сауық орталықтарын, азық-түлік емес базарларын, дәріханаларды, ПТР зертханаларын және басқа да шағын орта бизнес нысандарын қосу тапсырылды. Қауылға сай мониторингтік топтар әлеуметтік-экономикалық нысандарға оның ішінде Ashyq жобасына қатысушыларға бақылауды күйшейтетін болады. Ал жосықсыз қатысушылар жобадан шығарып тасталады делінген. Қоғамдық орындар мен нысандарға бару, қоғамдық көлікте жүру кезінде және ашық аспан астында халықтың бетперде тағуы міндетті.  Сондай ақ әлеуметтік қашықтық сақтау мен антисептикитерді пайдалану жөніндегі талаптар сақталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы