369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Астана» публицистикалық драмасының тұсаукесер рәсімі өтті

  • Read 204 times
  • Media
Елордада «Астана» публицистикалық драмасының тұсаукесер рәсімі өтті

Туындыны Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық театры сахналады.

Қойылымда астананы Алатау бөктерінен Арқа төсіне көшіруде Елбасының қандай табандылық танытқаны бейнеленеді. Әу баста Президент ұсынысы көпшіліктен қолдау таппаған. Оның жүзеге асуына Нұрсұлтан Назарбаевтың қайсарлығы мен көрегендігі тікелей себеп болғаны баршаға аян. Қойылым Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған. Оның сценарийі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының негізінде жазылыпты.

Айта кетейік, Елбасының кемеңгерлік келбеті қазақ театрының сахнасында тұңғыш рет сомдалды.

Мұрат Ахмадиев, Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі:

- Астананы Алматыдан Астанаға көшіру қиын болған. Қарсылық көп болған. Барлығы сенбеген деп айтқан. Бірақ біз өзіміз білмейміз ғой қалай болғанын. Соны біз қарап 1994 жылдың 6 маусымы мен 6 шілдесі аралығын алдық. Сонда болған оқиғаға депутаттар қарсы шыққан. Сол қарсылықтардың барлығын осы спектакльде көрсетеміз. Басты рөлде – бір адам. Ол – президенттің рөлі. Қалғандарының фамилиясы жоқ. Солай жасағанбыз. Қалғандары жазушы, актриса, студент, депутат – осылай жүреді.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы