ҰҚШҰ тәжік-ауған шекарасында әскери оқу-жаттығу өткізді

Одақтың шұғыл әрекет ету күштері Тәжікстан аумағына кірген содырлар колоннасын талқандады.

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше елдер тәжік-ауған шекарасында осындай әскери-оқу жаттығу өткізді. Шараға 4 мың сарбаз бен 500-ден аса техника жұмылдырылды. Сарапшылар Ауғанстандағы ахуал әлі де шиеленісті жағдайда дейді. Себебі бұл елден лаңкестік жасақтардың көрші елдерге ену қаупі бар. 

Евгений Поплавский, РФ Қорғаныс министрлігі орталық әскери округі күштері қолбасшысының орынбасары:

- «Талибан» Ауғанстанда жеке билік орнатуға тырысып, ел аумағындағы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымын жоюға күш салады. Тәліптер өзіне бағынбаған қарулы топтарды Тәжікстан аумағына немесе Түркіменстан жеріне ығыстырып шығаруы мүмкін.

Сондай-ақ...