Батыс Қазақстан облысында Қоржын ауылы тасқын өтінде қалды.
Еріген қар суы жолдарды шайып кетіп, көлік қатынасы үзілген. Ауылға құтқарушылар мен құрал-жабдықтар тікұшақ арқылы жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сол әуе көлігімен елді мекеннен 16 адам эвакуацияланып, Қаратөбе ауданының орталығына орналастырылды. Оның ішінде 6 бала мен 2 жүкті әйел бар. Сонымен қатар осы аудандағы Аққозы елді мекенінде де көлік қатынасы қиындап кетті. Өзендердің су деңгейі едәуір көтерілген. Аймаққа Атырау мен Маңғыстау облыстарынан құтқарушылары көмекке барды.
