Құтқарушылар Тоғыс, Текесу, Ақжар су қоймалары мен 4 ірі өзенге әуеден барлау жасады.
Бірнеше тұрғын үйдің қауіпті аумақта екені анықталды. Оқыс оқиғаның алдын алу үшін барлық арнаны тазарту бойынша тапсырма берілген. Мамандардың айтуынша бұл жерлерді мұздан тазалау жұмыстары да маңызды. Қазір Бадам өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр.
Ирисмат Махмудов, қалалық ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің басшысы:
- Шымкент қаласының аумағында Бадам өзені ағысы 45 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 2021-2023 су тасқынын қауіпсіз өткізу жол картасы бойынша 9 шақырымға жағаларын нығайту және арнаны түзету жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезең-кезеңімен қойылған. Яғни 45 шақырымның ішінде 22 шақырымы сондай жұмыстарды талап етеді.
