loader


Елімізде жол құрылысына талап күшейеді

Биылдан бастап елімізде салынатын және жөнделетін автокөлік жолдары халықаралық стандарттарға негізделеді. Атырауда өткен семинар-кеңесте осындай мәселе қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жылдары автокөлік жолдарының сапасына қатысты сын көп айтылады. Мәселен, былтыр 10 жылға созылған Атырау-Астрахань күре жолының құрылысы технологиялық ақауларға байланысты тоқтаған еді. Сондай-ақ өткен жылы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мамандары республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда 932 рет тексеріс ұйымдастырды. Оның қорытындысы бойынша, республикалық жолдардан 285, жергілікті жолдардан 105 ақау анықталды. Осындай олқылыққа жол бермес үшін енді тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге талап күшейтіледі. 

Дархан Сайлауов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ директоры:

- Біз қазір халықаралық білім беруші үлкен мекемелермен тығыз жұмыс жасап, осы жерге спикерлер мен лекторлар келген. Қазіргі кезде республикада жасап жатқан мердігер ұйымдардың мастерлары, учаске басшылары түгелдей жиналды. Осы жерде қандай ақауалықтар шығады жолдан. Ол не үшін шығады, неге әсер етеді? Жол материалдарының сапасын қалай тексеру керек? Оған қалай көңіл бөлу керек? Техникалар мен технологиялармен қалай жұмыс істеу керектігі осы жерде түсіндіріледі.

Сондай-ақ...