Жетісу облысында 1,6 млрд теңге үнемделді. Бұл қаражат тиімсіз жұмсалып кетуі мүмкін еді. Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің араласуымен аталған ақша мемлекет қазынасында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Баспасөз мәслихатын өткізген құзырлы орган басшылығы жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жөнінде баяндады. Мәселен, ауыл шаруашылығындағылар заңдағы олқылықты пайдаланып, инвест субсидия арқылы 1 млрд теңге жымқырмақ болыпты. Күдіктілердың кінәсі дәлелденіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Мақсат Жебегенов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
- Сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерінің негізгі салалары – тұрғын үй саласы, жол салу саласы, жер беру саласы. Сол бойынша қызмет атқарып жатырмыз.
